«Қазсушар» автопаркі «Вираж» КТ жаңа автомобильдермен толықтырылуда

2025 жылдың қаңтар айында «Вираж» компаниялар тобы Талдықорған және Қарағанды қалаларында «Қазсушар» РМК автопаркіне 22 автомобильді жеткізді.
Осы жылдың ақпан айында «Вираж» ЖШС-нің Қызылорда, Шымкент, Орал қалаларындағы филиалдары, «Aqtobe Motor Service» ЖШС, «КСТ АвтоМоторс» ЖШС және «Агростан сервис» ЖШС «Қазсушар» кәсіпорнына тағы 36 толық жетекті Соболь Бизнес автомобилін табыстады.
Соболь 4х4 тұтас металл фургоны - бұл конструкциясы айтарлықтай қарапайым, бірақ өте маневрлі, сенімді және қызмет көрсетуде күй талғамайтын автомобиль. Бұдан басқа, ол жоғары жөндеуге жарамдылығымен, жаңа қауіпсіздік пен жайлылық деңгейімен сипатталады. Осы сипаттамалардың барлығы өндірушінің жетекші әлемдік компаниялармен тығыз ынтымақтастығымен қамтамасыз етілген. Бұл көлік құралы шағын бизнесті жүргізу үшін де, үлкен отбасы үшін де жарайды. Соболь Бизнес тұрақты жүк тасымалдарын жасау, рейс маршруттарына қызмет көрсету, серіктесіп табиғатқа шығу мүмкіндігін береді немесе жай өз шаруашылық жұмыстарына сенімді көмекші болады.
Ұзындығы стандартты, толық жетегі қосылатын және екі қатарлы кабинасы бар борттық Соболь Бизнес автомобилі - ауыр жол жағдайында пайдалану кезінде, мамандар бригадасын жұмыстарды орындау орнына жеткізу немесе ауысым аяқталғаннан кейін тасымалдауды ұйымдастыру талап етілетін жағдайларда таптырмайтын көлік. Оның салонында алты адам орналаса алады. Ықшам өлшемдері және жолаушылар салонының үлкен сыйымдылығы осы автомобильде қомақты жүктемеге есептелген шанақпен үйлеседі. Жүк платформасының ұзындығы 2 метрге жетеді, ал тасымалданатын заттардың салмағы – 925 кг. Бұл құрылыс материалдары мен арнайы жабдықтарды тасымалдау мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар мобильді шеберханаларды, компрессорлық станцияларды, генераторларды және басқаларын қоса алғанда әртүрлі қондырмаларды орнату мүмкіндігін де береді.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері: «ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің автопаркі тұрақты жаңартып отыруды талап етеді. Күнделікті пайдалану себебінен автомобильдер тез тозады, осының салдарынан машиналарды тұрақты негізде ауыстыру талап етіледі. Бүгінгі автомобильдер - бұл бірінші кезең. Келесі кезең арнайы техниканы сатып алу болады», - деп түсініктеме берді.
Лаура Оспанкулова, «Вираж» ЖШС Шымкент қ. филиалының сату бөлімінің басшысы: «Біздің агломерацияны сенімді әрі тиімді көлікпен қамтамасыз ету – ең маңызды міндеттердің бірі, және мен осы міндет үшін біздің компания жеткізетін техника таңдалғанына мақтан тұтамын. Біз бүгін табыстап отырған Соболь автомобильдері ықшам өлшемдерін үлкен ішкі кеңістігімен үйлесімдікті ғана емес, жақсы өтімділікті, сенімділікті және басқару ыңғайлылығын да қамтамасы етеді» - деп белгіледі.