ГАЗ Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық көрмесінде коммерциялық көлікті таныстырды

Сәуірдің 23-і мен 25-і аралығында Астана қ. EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстан мен Орталық Азияның машина жасау, өнеркәсіп және мамандандырылған техника саласындағы ең ірі алаң - VII Kazakhstan Machinery Fair 2026 Халықаралық көрмесі өтті.
.jpg)
ГАЗ коммерциялық автомобилдерінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы көрмеге қатысып, бизнес пен коммуналдық қызметтерге арналған заманауи шешімдерді ұсынды.
Компанияның стендісінде:
- Соболь NN 4×4 базасында кез келген жол жағдайларында сервистік және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған автошеберхана;
- ГАЗон NEXT базасында қала инфрақұрылымын жыл бойына күтіп ұстау үшін құрастырылған құрамалы жол машинасы ұсынылды.
Көрме жұмыс істеген үш күн ішінде ГАЗ стендісіне бизнестің, мемлекеттік ұйымдар мен салалық кәсіпорындардың өкілдері келді. Қонақтар моделдік қатармен танысып, жабдықталымдар мен қондырмалардың нұсқаларын талқылауға, сондай-ақ автомобилдерді сатып алу, сервистік қызмет көрсету және қолданылатын қаржы бағдарламалары мәселелері туралы кеңес алуға мүмкіндік алды.
Kazakhstan Machinery Fair-ға қатысу серіктестік байланыстарды нығайтудың, ГАЗ коммерциялық техникасының артықшылықтарын кәсіби аудиторияға таныстырудың және Қазақстанда коммерциялық көлік нарығының даму перспективаларын талқылаудың тамаша мүмкіндігіне айналды.
Көрмені ұйымдастырушыларға, серіктестер мен ГАЗ стендісінің барлық келушілеріне танытқан ықыласы үшін алғыс айтамыз.
Келесі салалық іс-шараларда жүздескенше!
