Warning: sizeof(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/vhosts/gaz-kaz.kz/kz.gazauto.kz/modules/world/world.php on line 269
ГАЗ мамандандырылған автомобилдері Comtrux Astana 2026 көрмесінде

ГАЗ мамандандырылған автомобилдері Comtrux Astana 2026 көрмесінде

11 мая 2026

Мамыр айының 5-і мен 7-сы аралығында ресми Дистрибьютор Қазақстан мен Орталық Азиядағы жол логистикасына арналған коммерциялық көлік пен шешімдердің Comtrux Astana 2026 жетекші көрмесіне қатысып, әлеуметтік сала мен бизнеске арналған ГАЗ мамандандырылған шешімдерін таныстырды.<

-  ГАЗель NN базасындағы шыны пластиктен жасалған изотермиялық фургон — температуралық режимді сақтай отырып, өнімдерді тасымалдауға арналған берік шешім.

Автомобиль ГАЗ коммерциялық көлігінің кез келген бизнестің тапсырмасы үшін қондырманың саналуан түрлерімен жарақтандыру мүмкіндіктерін көрсетті.

- Соболь NN базасында жүріп-тұруы шектеулі азаматтарды жайлы әрі қауіпсіз тасымалдауға арналған әлеуметтік такси.

Қолжетімді қала ортасы идеясы стендіні безендіруде де ұсынысқа ие болды. Экспозиция «Баршаға арналған қолжетімді орта» тұжырымдамасының айналасында құрылды, ал автомобиль қала инфрақұрылымының элементтері бейнеленген бірегей графикалық стилистикада безендірілді. Композицияны халықаралық қолжетімділік белгісі ретінде жарықты арт-объект толықтырды. Мұндай безендіру экспозицияның басты идеясын айшықтап көрсетеді: қазіргі заманғы қала әркімге қолайлы болуы тиіс, ал мамандандырылған көлік кедергісіз ортаның маңызды бөлшегі болып табылады.

Comtrux Astana 2026-ға қатысу тек ГАЗ мамандандырылған техникасын таныстырудың ғана емес, сондай-ақ кәсіби қоғамдастықтың назарын инклюзивті қала ортасын дамытудың және Қазақстандағы қолжетімді ұтқырлықтың маңыздылығына аударудың мүмкіндігіне айналды.

Көрмені ұйымдастырушыларға іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін, ал ГАЗ стендісінің қонақтарына біздің техникамызға ықыласы, ашық үнқатысуы мен Қазақстандағы коммерциялық көліктің даму перспективаларын талқылау мүмкіндігі үшін алғыс білдіреміз.

Салалық іс-шараларда жаңа жүздесулерге дейін!

ОСТАВИТЬ ЗАЯВКУ

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

Закрыть

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.