«Газель NEXT» изотермиялық фургондары “Байқоңыр” ӘКК» АҚ-на берілді

“Байқоңыр” ӘКК» АҚ өңірлік даму институы болып табылады. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның қызметі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Қызылорда өңірінің дамуына жәрдемдесуге бағытталған.
Бүгінгі таңда корпорацияның қызметі кәсіпкерлік қызметтің дамуына қолайлы жағдайлар туғызуға, жаңа өндірістер ашуға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңартуға, инвестициялар тартуға, Үкіметтің бастамаларын іске асыруға бағытталған.
Ұйымның миссиясы мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның көзқарасы – активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелеріндегі экономикалық белсенділікті ынталандыратын, соның ішінде инвестициялар тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырдың катализаторы болып танылатын өңірлік даму институты.
Компанияның негізгі мақсаттары: бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңарту, мемлекеттік активтерді іскерлік айналымға тартуды қамтамасыз ету, проблемалық активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту, озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды ендіру, активтердің қүнын ұлғайту, жаңадан бастаған бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту, басым салаларда кластерлерді дамыту, сондай-ақ өңірдің жүйе құраушы және ірі компанияларының айналасында шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі серіктес бағдарламаларды үйлестіру арқылы өңірлерде бизнес бастамаларды қолдау, компанияның қызметі аясында бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету, бизнес жобаларды дамыту үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту, портфелдік компаниялардың арасында қарым-қатынастарды дамыту және дағдылар алмасу, келешек жобаларды іске асыру үшін өңірлерге отандық және шетелдік инвесторларды тарту, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттарында тарту және көптеген т.б.
Наурыз айында берілген «Газель NEXT» шассиіндегі изотермиялық фургондардың 5 бірлігі аспаптар панелі жетілдірілген жүргізушінің кең қолайлы кабинасымен, ұлғайтылған шолу бұрышымен және қомақты бамперімен ерекшеленеді, бұл жиынтығында автомобилге заманауи сырқы көрініс береді. Фургонның ішкі беті мырышталған болатпен көмкерілген. Қалыңдығы 80 мм термооқшаулағыш материалды бар панелдер тасымалданатын өнімдер мен өнеркәсіп тауарларының температуралық режимінің шектен тыс өзгеруінің алдын алады. Шанақтың сыртқы жағынан мырышталған болат ақ түсті полимерлік-ұнтақты жабынмен жабылған, ол фургонның металл бөліктерін тоттанудан қорғайды және машинаның ұзақ қызмет мерзімін қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге мамыр айында қосымша жабдықтары: температураны 0 ℃-ден 18 ℃-ге дейін сақтайтын рефрижераторлары, автономды жылытқыштары, тыстары, кілттер жинақтары мен едендері бар бес изотермиялық фургон берілді. Модель қуаты 104 а.к. заманауи Evotech 2.7 газ-бензин қозғалтқышымен жарақталған, ол тек пайдалану шығыстарын қысқартып қана қоймай, атмосфераға зиянды шығарындыларды да азайтады, бұл автомобилді экологиялық таза етеді.