Warning: sizeof(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/vhosts/gaz-kaz.kz/kz.gazauto.kz/modules/world/world.php on line 269
Kazcomak 2024: «Жол және Өнеркәсіп Құрылысы, Коммуналды Техника»

Kazcomak 2024: «Жол және Өнеркәсіп Құрылысы, Коммуналды Техника»

20 сентября 2024

17 және 19 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Kazcomak 2024: «Жол және Өнеркәсіп Құрылысы, Коммуналды Техника» 20-шы Қазақстан халықаралық көрмесі өтті – бұл республиканың тау-кен металлургиясы мен жол-коммуналды шаруашылық саласындағы ірі мамандандырылған көрмелердің бірі.

Іс-шара «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастығы орталығы аумағында өтті. Халықаралық және алдыңғы қатарлы жергілікті компаниялар көрме қонақтарына: жол құрылысы техникасын, карьерлік техниканы, коммуналдық техниканы,  тоннел бұрғылау және жер қазу техникасын,  көтеру-тасымалдау жабдықтары мен крандарды, тасымалдауға арналған техниканы, техникалар мен жабдықтарға арналған қосалқы және құрамдас бөлшектерді, гидравликалық және пневматикалық жабдықтарды, жолды баптау мен жөндеуге қажетті техникалар мен материалдарды, шикізат өндіруге арналған жабдықтарды, экскаваторларды, грейдерлерді, бульдозерлерді, тракторлар мен басқа да жабдық түрлерін таныстырды.

Қатысушылар құрамы бойынша ең өкілетті көрменің бірі павильондар мен көше экспозицияларында 33 елден 300-ден астам экспонентті жинады.

Қазақстан Республикасындағы «Газель» брендінің ресми дистрибьюторы – «Вираж» автокөлік холдингінің құрамына кіретін «ГазАвто Қазақстан» ЖШС көше экспозициясында төмендегідей үлгілерді таныстырды:

  • Ұлғайтылған өлшемді екі есікті тұтас метал кабиналы Газель NEXT Фермер бортты автокөлігі шаруашылықтың әртүрлі салаларында жиі қолданылатын нағыз әмбебап жүк автокөлігі болып табылады. Автокөліктің жүк көтергіштігі 1200 килограмға дейінгі жүкті тасуға мүмкіндік береді. ГАЗель Next Фермер шаруашылықтың әртүрлі салаларында жиі қолданылады. Ол кеңседен кеңсеге және пәтерден пәтерге көшу үшін  таптырмас құрал, ауылшаруашылық өнімдерін жеткізуге, тыңайтқыштарды, құстар мен малдарға арналған жемді, құрылыс материалдарын (гипсокартон, қаптама тақта және т.б.) тасуға, апаттық бригадаларды жеткізуге өте жақсы келеді.
  • Газон NEXT құрама жол көлігі - жолдарды жыл бойы баптау бойынша операциялардың барлық түрлерін орындауға мүмкіндік беретін аспалы жабдықтың көпфункциялы кешені: көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу, жолды қардан тазарту, сыпыру, жол үстіне су шашу мен жуу, сонымен қоса көгал мен басқа да жасыл көшеттерге күтім жасау. Бұл үлгі техникалық күтім жасаудың оңайлығымен, сондай-ақ жоғары жұмыс қабілеттілігімен ерекшеленеді. Көліктің негізгі артықшылықтары: үлкен пайдалану жүктемелеріне қарсы тұру қабілеті, қуатты, бірақ үнемді қозғалтқыш пен қосымша аспалы жабдықпен жабдықтау мүмкіндігі болып табылады.

«Жол және өнеркәсіп-құрылыс секторын дамыту болашағы жөніндегі өзекті міндеттерге еліміздің барлық өңірлерінде коммуналды техниканы жаңғырту қажеттілігі жатады. Көрме аясында біз коммуналды қызметтердің тиімді жұмыс істеуіне арналған, сондай-ақ көптеген аудандарды көркейтуге оң ықпалын тигізу үшін технологиялық транспорттық шешімдер ұсындық. Біз көптеген жылдар бойы Газель автокөлік брендінің коммерциялық және коммуналдық техникасын өткізуге маманданып жатырмыз. «Газель NEXT» және «Газон NEXT» қорындағы біздің әмбебап автокөліктеріміз тығыз қалалық құрылыс жағдайында пайдалануға жарайды», - деді «ГазАвто Қазақстан» ЖШС директоры Дмитрий Лохмачев.

ОСТАВИТЬ ЗАЯВКУ

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

Закрыть

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.