Оралда жаңа коммерциялық және коммуналдық «Газель» көліктерінің көрсетілімі өтті

Іс-шара Орал қаласы, Шолохов көшесі, 38 мекенжайы бойынша арнайы дайындалған алаңда өтті және мемлекеттік құрылымдар, билік органдары, көлік компаниялары, медициналық мекемелер және коммуналдық қызмет көрсету өкілдерінің назарын аударды.
Көрмеге келушілерге жолаушылар тасымалына; дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге, пациенттерді қарауға, оларды тасымалдауға арналған автомобильдер, сондай-ақ мамандандырылған коммуналдық техника көрсетілді. Ұсынылған модельдер арасында:
- Шектеулі кеңістіктер жағдайында және шағын қалалардың тар көшелерінде жұмыс істеуге арналған Газон NEXT құрамдастырылған жол машинасы жаңа МЕМСТ талаптарына сәйкес экологиялық таза көктайғаққа қарсы материалдарды қолдану және оларды біркелкі тарату мүмкіндігін беретін реагенттерді автоматты түрде дозалау жүйесіне ие. Алынбалы технологиялық жабдықтың жиынтықталымына қарай машинада көптеген орындалу нұсқалары бар:
- қыста: көктайғаққа қарсы материалдарды (КҚМ) тарату, қар тазалау, жол жабынынан қар мен мұзды кетіру;
- жазда: жол жабынын жуу, қоқысты сыпыру, жол белгілері мен жол элементтерін жуу, су айдау және т.б.
- Кіру деңгейі төмен орташа кластағы экологиялық таза Citymax 9 CNG қалалық автобусы. Автобуста рекордтық жолаушылар сыйымдылығы қамтамасыз етіледі – үлкен кластағы машиналар деңгейінде (84 адам). Кең жинақтау алаңы балалар мен мүгедектер арбасын орналастыру мүмкіндігін береді. «Книлинг» жүйесі аялдамаларда автобусты есіктерге қарай еңкейтіп, жолаушылардың отыруы мен түсуін жеңілдетеді. Екі аймақтық климат-бақылау кез келген ауа-райында жүргізуші үшін де, жолаушылар үшін де жол жүруді жайлы етеді. Сығылған табиғи газды (CNG) отын ретінде қолдану пайдалану шығындарын күрт азайту мүмкіндігін береді.
- Газель NN негізіндегі С класындағы жедел медициналық жәрдем автомобилі - дәрігерге дейінгі медициналық-санитариялық көмек көрсетуге арналған функциялық және тиімді автомобиль. Артқы есіктер 270°-қа ашылып, маневрлеуді және пациенттерді орналастыруды жеңілдетеді. Автомобиль пандусқа немесе кіреберіске жақындап келе алады. Сырғымалы есігі бар кең бүйірлік ойық пациент пен персонал үшін медициналық салонға еркін кіруді қамтамасыз етеді. Салонның үлкейтілген өлшемі медициналық бригаданың жедел әрекет етуге дайындығын арттыра отырып, жасақтаушы шешімдердің алуан түрлілігін қамтамасыз ету мүмкіндігін береді. Реттелетін арқалықтары, шынтақшалары және 3 нүктелі инерциялық белдіктері бар медициналық орындықтар медициналық бригаданың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сыйымдылығы жоғары Газель City қаңқалы автобусы. Жолаушылар сыйымдылығы: 22 орын, оның ішінде 17 отыратын орын. Қозғалысы шектеулі жолаушыны тасымалдау кезінде: 19 орын, оның ішінде 14 отыратын орын. Автомобильдің ерекшеліктері:
- еденнің төмен деңгейі және жолаушылардың оңай кіруіне/шығуына арналған кең есік;
- мүгедектер арбаларына арналған арнайы бекітпелермен, кіруге/шығуға арналған аппарелмен жабдықталған сыйымды жинақтау алаңы;
- аялдамаға келген кезде реттелетін пневматикалық аспа арқылы еден деңгейін төмендету функциясы.
Көрсетілім шеңберінде қатысушылар минималды қызмет көрсету шығындарымен максималды өнімділікті қамтамасыз ететін заманауи модельдердің мүмкіндіктерін іс жүзінде көре алды.
Сонымен қатар, іс-шараға келушілердің сұрақтарына жауап беруге, машиналарды сатып алудың қандай тәсілдері бар екенін түсіндіруге және нақты пайдалану жағдайларында техника жұмысының барлық ерекшеліктерін көрсетуге дайын мамандар қатысты.