«Вираж» Компаниялар тобы GAZ брендімен «Bus World Asia 2023» көрмесіне қатысты
18-20 мамыр аралығында «ҚазАвтобусПром» EXPO ХКО-да «Вираж» КТ құрамында жыл сайынғы «Bus World Asia 2023» халықаралық көрмесіне қатысты.
«Вираж» Компаниялар тобы GAZ брендімен «Bus World Asia 2023» көрмесіне қатысты
18-20 мамыр аралығында «ҚазаАвтобусПром» EXPO ХКО-да «Вираж» КТ құрамында жыл сайынғы «Bus World Asia 2023» халықаралық көрмесіне қатысты.
Busworld Central Asia халықаралық көрмесі – автобустардың әртүрлі түрлерін (қалалық, туристік, шағын автобустар), сондай-ақ автобус компоненттері және онымен байланысты тауарлар мен қызметтерді көрсететін автобус индустриясының аса үлкен B2B көрмесі. Орталық Азия өңірінде жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін нарық ойыншыларын біріктіретін көрме.
Биыл «ҚазАвтобусПром» автобустардың 5 моделін ұсынды:
Сыйымдылығы 77 жолаушы болатын заманауи машина платформасы бар қалалық тасымалдауға арналған «СИТИМАКС 9» төменгі едендік автобустың жаңа моделі;
22 жолаушыны тасымалдауға есептелген қалалық және қала маңындағы тасымалдарға арналған «CITY» төмен едендік автобусы;
«Собол NN» жолаушылар шағын автобусы. Автобус 7 немесе 8 жолаушыны тасымалдауға арналған және функционалды диван-трансформерлермен жабдықталған.
Сондай-ақ, барлығына белгілі ПАЗ-3206 (4х4) және Vector 8.8модельдері.
«Busworld Central Asia» автобус техникасының көрмесі - автобустарды, шағын автобустарды және оларға қосалқы бөлшектерді өндіретін және жеткізетін кәсіпорындар үшін маңызды оқиға.