«Вираж» компаниялар тобы Шымкент қ. Әл-Фараби ауданының мұқтаждары үшін тоғыз бортты «Газель NEXT» автомобилін жеткізіп берді

Әл-Фараби ауданы қаланың орталық бөлігінде орналасқан, оның жалпы аумағы 14 мың гектарды құрайды. Аудан аумағында мегаполистің мәдениет, білім беру, сауда және демалыс объектілерінің едәуір бөлігі шоғырланған. Ауданда 218 мыңнан астам адам тұрады. Сонымен бірге ауданда 73 өндіріс ұйымы, 44 мекеме және көптеген жекеменшік компаниялар жұмыс істейді. Тұрғын үй қоры 672 көп қабатты үйді және 15 мыңнан астам жекеменшік иеліктегі үйді қамтиды.
Берілген техника аудан аумағына белсенді әлеуметтік және көлік жүктемесін ескере отырып, қала шаруашылығы және жедел логистика саласындағы тапсырмаларды орындауға тартылатын болады.
Жеткізілген ГАЗ A22R35 автомобилдері үш қатарлы металл кабинасы мен қайырмалы бүйірлік және артқы борттармен, сондай-ақ алмалы-салмалы тентпен жабдықталған ұзартылған жүк платформасы бар әмбебап бортты машиналар болып табылады. Автомобилдер жүргізушіні қоса алғанда (6+1 түрпішін) жеті адамға дейін тасымалдауға шақталған, бұл әсіресе мобилді бригадалардың қатысуымен шаруашылық және коммуналдық тапсырмаларды орындаған кезде қолайлы.
Автомобилдердің габариттік өлшемдері 6373 х 2068 х 2175 (кабина бойынша), ал жүк платформасының өзінің өлшемдері — 3090 х 1978 х 400-ді құрайды. 3,5 тонналық толық салмағында автомобилдер 6,5 метрлік миниалды бұрылу радиусымен жоғары маневрлілікті паш етеді. Жарақталған автомобилдің салмағы 2275 кг-ды, ал толық жүктелген кезде жол саңылауы 170 мм-ді құрайды, бұл техниканы қала көшелерінде және құрылыс алаңдарындағы немесе аула аумақтарындағы кедір-бұдыр жолдары мен кіреберістері бар бөліктерде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Күштік қондырғы өзіне төрт цилиндрлі сенімді Evotech қозғалтқышын қамтиды. Қозғалтқыштың жұмыс көлемі 2,69 литрді құрайды, ал максималды қуаты 76,7 кВт-қа жетеді, бұл 104,3 ат күшіне тең. Автомобиль бензин-ГАЗ отын жүйесінде жұмыс істейді, бұл пайдаланған кезде үнемділік пен икемділікті қамтамасыз етеді.
Трансмиссия қала және қала маңындағы ырғақта жылдамдықты анық және сенімді ауыстырып қосуды қамтамасыз ететін 5 сатылы механикалық берілістер қорабымен ұсынылған. Автомобилдер түрлі жол жағдайларына бейімделген R185/75R16C типтік өлшемдегі шиналармен жарақталған.
Көлденең орнықтылық тұрақтандырғыштарымен жарақталған алдыңғы тәуелсіз аспа және артқы тәуелсіз аспа секілді техникалық шешім бұрылыстарда жақсы орнықтылықты және түрлі жүктеме деңгейлерде жүрістің жатықтығын қамтамасыз етеді. Рулді басқару төрткілдеш схемасы бойынша орындалған және гидрокүшейткішпен толықтырылған, бұл әсіресе тығыз қала трафигі жағдайында көлік құралын басқаруды айтарлықтай жеңілдетеді.
Автомобилдер дискілік тежегіштерді ұштастыратын тежеу жүйесімен жабдықталған, бұл кез келген пайдалану жағдайында сенімді тежелуді қамтамасыз етеді. Электр қоректендіру 6СТ-66 аккумуляторлық батареясымен қамтамасыз етіледі,жанармай багына 64 литрге дейін бензин сыяды, ал газ баллонның көлемі 120 текше метрді құрайды, бұл жиі толтыру қажеттігінсіз қомақты жүріс қорын қамтамасыз етеді.
Осылайша, ГАЗ A22R35 — бұл сыйымдылық, орнықтылық, отын үнемділігі мен қарапайым қызмет көрсету маңызды жерде міндеттердің теңгерімделген шешімі. Машина Қазақстан қалаларының жағдайына мінсіз бейімделген және коммуналдық және шаруашылық қызметтерінің күнделікті жұмысында сенімді көмекші болады.
Автомобилдерді Әль-Фарабий ауданына жеткізіп беру — «Газель» брендінің техникасы мен «Вираж» автомобиль холдингі командасының кәсіпқойлығына жоғары сенім деңгейінің тағы бір дәлелі. Компания клиенттерді сенімді, уақыт сынынан өткен, Қазақстандағы пайдалану жағдайына толық бейімделген техникамен қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік құрылымдармен және коммерциялық ұйымдармен белсенді ынтымақтаса беретін болады.