Warning: sizeof(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/vhosts/gaz-kaz.kz/kz.gazauto.kz/modules/world/world.php on line 269
«Вираж» КТ ең ірі Komtrans + BUSexpo Astana коммерциялық көлік көрмесіне қатысады

«Вираж» КТ ең ірі Komtrans + BUSexpo Astana коммерциялық көлік көрмесіне қатысады

12 июня 2025
2025 жылғы маусымның 25-нен 27-і аралығында Астанада коммерциялық көлік саласындағы маңызды оқиға - Komtrans + BUSexpo Astana халықаралық көрмесі болады. Бұл өңірдегі жетекші өндірушілердің, өнім берушілер мен коммерциялық, құрылыс және мамандандырылған техниканың тұтынушыларының басын қосатын ең ірі салалық B2B-алаңы

Вираж» компаниялар тобы көрмеге қатысып, келушілерге нарықтың өзекті талаптарына жауап беретін заманауи әрі қажетті техниканың кең ассориментін ұсынады.

Компанияның В06 стендінде  түрлі қолданыс салаларына бейімделген автомобилдердің желісі ұсынылатын болады:

       •   Соболь NN рефрижераторы — тез бұзылатын жүктерді тасымалдау үшін жинақы әрі сенімді нұсқа.

  • Жол талғамайтын РИФ аспасы бар Соболь NN 4x4— жолсыздық жағдайында пайдалану үшін мінсіз.
  • Дизель отынындағы Citymax 8 автобусы — қоғамдық көлік үшін үнемді шешім.
  • Соболь NN базасындағы VIP автобус — корпоративтік және жекеменшік тасымалдардағы жайлылық пен стиль.
  • Валдай 8 изотермиялық фургоны — логистика және тауарларды температуралық режиммен тасымалдау үшін сенімділік.
  • Садко 9 бортты автомобилі — құрылыс және коммуналдық тапсырмалар үшін әмбебап көмекші.
  • Газель City электробусы — нөлдік шығарындылар деңгейімен заманауи қала көлігі.

Komtrans + BUSexpo Astana көптеген сала кәсіпқойларын: автопарктердің операторларын, дилерлерді, автосервистік ұйымдарды, құрылыс және коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерін, сондай-ақ жүргізушілер мен техникалық мамандарды дәстүрлі түрде қатыстырып келеді. Бұл ұсынылған жаңа өнімдерді қысқа мерзімде бағалаудың, техникалық сипаттамаларын салыстырудың, өндірушілерден тиімді ұсыныстар алудың және тікелей іскерлік байланыстар орнатудың тамаша  мүмкіндігі.

«Вираж» автомобиль холдингі Komtrans + BUSexpo Astana көрмесінде өз зерттемелері мен жаңартылған техника желісін көрсетіп, серіктестік байланыстарды нығайтады және Орталық Азиядағы коммерциялық көліктің бейнесін қалыптастыруға белсене қатысады.

ОСТАВИТЬ ЗАЯВКУ

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

Закрыть

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.