«Вираж» КТ «Kazakhstan Machinery Fair 2023» көрмесіне қатысты
10-12 мамыр аралығында Астана қаласында, EXPO ХКО, «Вираж» КТ Kazakhstan Machinery Fair – 2023 машина жасау және металл өңдеу бойынша Халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысты.
Kazakhstan Machinery Fair – бұл машина жасау мен металл өңдеудің жаңа жабдықтары мен технологияларын өндірушілер, жеткізушілер мен тұтынушылар, мемлекеттік сектор және түрлі бизнес-қауымдастықтар өкілдері үшін басты кездесу орны.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар Одағы және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы ұйымдастырды.
Биылғы жылы көрмеде біз: «Газель» тобын, «СемАЗ» ЖШС және «КАИК» ЖШС-ін ұсындық.
Біз жыл сайын өз серіктестерімізге қолдау көрсетеміз және Қазақстан Республикасының машина жасау секторын дамыту үшін техниканың кең спектрін ұсынамыз.